Балабақша туралы мәлімет » «Ертегілер Әлемі» жеке бөбекжай балабақшасы»
«Ертегілер Әлемі» жеке бөбекжай балабақшасы»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:170540032702
Қабылдау бөлімі:
+7(775) 445-63-76
"Әдіскер:
+7(702) 365-27-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
шілде
2026

Балабақша туралы мәлімет

2018 жылы Түркістан қаласында  «Ертегілер Әлемі» жеке бөбекжай балабақшасы ашылды. 


Балабақша екі қабатты, екі ғимаратта орналасқан.  Балабақша қуаттылығы 450 орындық,  18 топ жұмыс жасайды. Әр топ жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылған. Балабақша  сағат 08.00-ден бастап 18.30-ға  дейін 5 күндік жұмыс жасайды,.Тәрбиеленушілер мемлекеттік және орыс тілінде тәрбиеленуде. Балабақшада қабылдау бөлмесі, оқу-тәрбие, ойын бөлмесі, жатын, ыдыс жуатын, асхана, әкімшілік бөлмесі, медицина бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, кір жуу бөлмесі, мен қойма бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі  табиғи газбен жылытылады. Су, электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт-дабыл  түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. 

Балабақшада медициналық  кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық  кабинетте қабылдау бөлмесі, емшара  бөлмесі,  оқшаулау  бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал сайман  жабдықтармен  жабдықталған.   

Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын  алаңы және топтарға арналған жазғы шатырлар өз дәрежесінде жабдықталған. Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, балалар ойнайтын құралдар көлеңкелі қоршау орындығымен гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған спорт алаңы бар.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив