Акешова Мадина Мурзахановна
Акешова Мадина Мурзахановна 1981 жылы 22 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген.
1987 – 1998жж. аралығында ОҚО, Түркістан қаласы № 15 М.Жұмабаев атындағы орта мектепті үздік аттестанпен бітірді.
1998 – 2002жж. аралығында Түркістан қаласында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университетінде 0319 – Ағылшын тілі мамандығында оқып, үздік дипломмен бітірген.
2002 – 2004жж. аралығында Түркістан қаласында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университетінде, 0215 – Ағылшын филологиясы мамандығы бойынша магистратураны үздік дипломмен бітірген.
2011 – 2014жж. аралығында PhD докторантураны Түркістан қаласында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университетінде, 6Д010300 – Педагогика және психология мамандығы бойынша бітірді.
2014 жылы 24 желтоқсанда PhD философия докторы ғылыми дәрежесін алу үшін Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де докторлық диссертациясын қорғап, 2015 жылдың 1 сәуірде (бұйрық № 420) – PhD доктор ғылыми дәрежесін алды.
Кәсіби тәжірибесіТүркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті, Ағылшын филологиясы кафедрасының ағылшын тілінің оқытушысы қызметінен басталды.
2002 – 2004 жж. аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті, Ағылшын филологиясы кафедрасының ағылшын тілі оқытушысы болып қызмет атқарды.
2004 – 2006 жж. аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті, Ағылшын филологиясы кафедрасының оқытушы – магистрі болып жұмыс атқарды.
2007 – 2015 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті, Ағылшын филологиясы кафедрасының аға оқытушы – магистрі болып қызмет атқарды.
2015 - 2018 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті, Ағылшын филологиясы кафедрасының PhD доктор, аға оқытушы болып жұмыс атқарды.
2018 - 2022 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті, Педагогикалық шетел тілдері кафедрасында PhD, қауымдастырылған профессор (доцент) міндетін атқарушысы болып жұмыс жасады.
2022 жылдын 15 қыркүйектен бастап Халықаралық туризм және меймандостық университетінде PhD, қауымдастырылған профессор (доцент) міндетін атқарушысы қызметін атқарады
2018 жылдан бастап балабақша меңгерушісі болып қызмет атқарады.